04.08.2025
21:04
503
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды. Аталған елде Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz интернет порталы. 

Түрікменбашы әуежайынан Қазақстан Президентін Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.