23.08.2023
09:35
1601

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні XV БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.