Президент: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны

19 Сәуір 2023, 11:31 701

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте шаруаларға субсидия беру мәселесі де қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президенттің айтуынша, 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген қаржының тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген.

Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр, - деді Президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: