Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2022, 12:47 1884

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, !нұран орындалды.

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.

Бөлісу: