27.11.2022
16:40
5701
Президент Мархабат Байғұттың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Президент Мархабат Байғұттың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

 
Қазақстан Президенті  белгілі жазушы, журналист, аудармашы Мархабат Байғұттың дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Дархан Қыдырәлінің Фейсбук парақшасына сілтеме жасап. 
Болмысы бекзат, бітімі бөлек, жазуы ерек, жаны жайсаң, алашқа ардақты, қалың қазаққа қадірлі қаламгер Мархабат ағаны ақтық сапарға, мәңгілік мекеніне шығарып салдық. Қаралы қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көңіл айту сөзін жеткіздім, - деп жазды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.