Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

31 Тамыз, 12:01 506

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: