Президент Ұлттық құрылтайдың мүшелерін қабылдады

26 Тамыз 2022, 17:09 1142

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады. 

Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады. 

Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.

Бөлісу: