12.10.2025
09:01
354
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.