Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПрезидент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсімінде еліміздегі энергетика, көлік және цифрландыру салаларындағы инфрақұрылымды жаппай дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан халықаралық серіктестермен бірге теміржол және автокөлік дәліздерін, теңіз порттарын, жалпы транзит және логистика саласын жаңғыртуды белсенді түрде қолға алды. Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырғымыз келеді. Өйткені жасанды интеллект өсімі инновация мен цифрлық дербестіктің негізгі қозғаушы күші болады. Осы стратегиялық маңызы зор салаға күш-жігерімізді жұмылдыру үшін Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрдық. Көп ұзамай қуатты суперкомпьютерді іске қосамыз, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын жаңғыртуды тағы бір стратегиялық бағыт ретінде атады. Ел экономикасын әртараптандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аталған саланың ықпалы зор.
Біз жаһандық қосылған құн тізбегімен толық интеграцияланған, сондай-ақ климат пен орнықты даму саласындағы мақсаттарға сай келетін тұрақты экономиканың негізін қалап жатырмыз. Бұл ұзақмерзімді мақсатқа жету үшін халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық құруға мүдделіміз. Орайлы сәтті пайдаланып, осы маңызды бастаманы жүзеге асыруға үлес қосқан дипломаттар қауымының айрықша рөлін атап өткім келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барша АӨСШК қатысушыларына табыс тілеп, Ұйымға жоғары деңгейде төрағалық жасағаны, диалогты нығайтудағы өлшеусіз күш-жігері, АӨСШК-нің институттық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстанның сенімді досы – Әзірбайжан еліне алғыс айтты.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова