Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы. Бұл марапат БАӘ Тұңғыш Президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен «Болашақтың энергиясы» әлемдік саммитінде тағайындалды.
Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі.
2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. Zayed Sustainability Prize сыйлығының жүлдесі – 3 миллион АҚШ доллары. Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен.
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр