29.09.2023
09:14
1238
Президент Германия бизнесмендерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Президент Германия бизнесмендерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Президент бұл туралы Қазақстан мен Германияның іскер топтарының дөңгелек үстелінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адами капиталды дамыту және инвестиция тарту мәселесін ынтымақтастықтың өзекті бағыттардың бірі ретінде атап өтті.

Адами капитал саласында қазірдің өзінде Каспий мемлекеттік университетінің жанынан Қазақстан-Германия инженерлік институтын және Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан Қазақстан-Германия ғылым және технология институтын ашу бастамасы көтерілді. Инвестиция тарту үшін Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы арқылы шетел инвесторларына барлық мүмкіндікті жасап отырғаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия бизнесмендерін Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және озық неміс технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Германия экономикасының Шығыс комитеті – Германия Федеративтік Республикасының Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 елге арналған аймақтық бастамасы.

Шығыс комитетіне Германия экономикасының алты жетекші одағы қолдау көрсетеді және оған 400-ге жуық компания мүше.