13.03.2024
19:00
1435
Президент Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жаннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: