Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.