05.09.2024
08:36
920
Президент Давид Дегтяревті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады

Президент Давид Дегтяревті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.