23.10.2024
23:42
824
Президент БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді

Президент БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.