30.12.2024
11:08
891
Президент білім беру бойынша заңға қол қойды

Президент білім беру бойынша заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.