10.10.2022
17:51
1279
Президент аудит жүйесін дамытуға қатысты тапсырма берді

Президент аудит жүйесін дамытуға қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Наталья Годунова Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады (осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген); 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы мәлімет берді (онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған); Салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындыларын ұсынды», - делінген ақпаратта.