Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

22 Тамыз 2022, 13:16 1122

Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Бөлісу: