09.01.2023
18:03
1828
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығы басшысына тапсырма берді

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығы басшысына тапсырма берді

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.