Президент Ақордада Малайзия премьер-министрін қабылдады

16 Мамыр, 17:32 1020

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан президенті мен Малайзия премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

EL.KZ
Бөлісу: