19.03.2023
10:09
1338

Президент Әкімшілігінің басшысы сайлауда өз таңдауын жасады

Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайындағы №59 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.