Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директорымен кездесті

16 Қаңтар 2023, 18:44 876

Бұл туралы Ақордадан мәлім етті

Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Шамисимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамытып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде келісімге қол қою жоспарын құптады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі толыққанды көлік хабына айналуға ниетті екенін және көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін белсенді дамытып келеді.

Мұхаммед әл-Шамиси кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспары туралы айтты. Abu Dhabi Ports компаниясы Каспий теңізі мен жалпы өңірдің көлік-логистика саласында өзара тиімді серіктестік орнатып, түрлі теңіз қызметі мен шешімдер ұсынуды көздеп отыр.

EL.KZ
Бөлісу: