Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты
11 Маусым 2023, 13:191082
Мемлекет басшысы Абай облысына барған арнайы сарпары барысында өрт шарпыған аумақты аралады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаған.
Бірнеше күннен бері өңірде болған тілсіз жау 60 мың гектар орман алқабын отқа орады. Бүгінде өрт сөндіру жұмыстарына 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған. Сондай-ақ, төтенще жағдай кезінде орман шаруашылығының оннан астам қызметкері қайтыс болды.