11.06.2023
16:43
1003
Президент Абай облысында шұғыл жол жөндеуге қатысты пікір білдірді

Президент Абай облысында шұғыл жол жөндеуге қатысты пікір білдірді

Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты жағдайдан хабардар екенін атады, - , деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады, - деді Қ.Тоқаев. 
 
Бұған дейін Абай облысында жөндеу қажет ететін жолдар аяқ астынан жөнделе бастаған болатын. Кейін бұған қатысты өңір әкімдігі пікір білдіріп, жағдайдың неліктен бұлай болғанын түсіндірді.