Премьер-Министр шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларына назар аударды

2 Тамыз 2022, 10:18 1130

Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-Министр шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларына назар аударды, деп хабарлайды El.kz

«Тағы бір маңызды мәселе — суға түсу, шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмауы керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы балалар. Былтырғы жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42%-ке қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Үкімет басшысы құзырлы органдарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

«Су қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет», - деді Үкімет басшысы.

Бөлісу: