Премьер-министр жылыту маусымына байланысты бірқатар тапсырма берді

20 Тамыз, 11:36 484

Жылыту маусымына дайындық барысын қарау қорытындысы бойынша премьер-пинистр бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика, Өнеркәсіп министрліктері өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етсін.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық дайындығын, ал 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры объектілерінің әзір болуын қамтамасыз етсін. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алсын.

Көлік министрлігі, Қазақстан темір жолы компаниясы және өңір әкімдіктері бекітілген кестеге сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір мен мазут көлемін уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдасын, - деп атап өтті Бектенов.

Оның сөзінше, әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сатуға жол беруге болмайды, көмір халыққа сату үшін бағытталуы тиіс.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: