Премьер-министр экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

20 Қаңтар, 15:01 2226

Үкіметте ел Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Комиссия отырысында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.

Орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «Қазақтелеком» және «Тау-Кен Самұрық» компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: