Премьер-лигада бірнеше команда чемпиондыққа талас жүргізеді

25 Қыркүйек, 18:35 425

 Қазақстан премьер-лигасының финалдық кезеңіне жақындап қалдық. Сондықтан чемпиондыққа таласатын командалар үшін маңызды ойындар басталды. Үміткерлер саны біреу емес, бірнешеу.  Бір кездері тоғызыншы орынға дейін төмен сырғып кеткен «Астана» қазір бірінші орыннан басты үміткер болып тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Астана) – 2:4

Голдар: Вороговский, 24 (0:1). Яхшибоев, 26 (1:1). Чинеду, 45+2 (1:2). Яхшибоев, 45+6 (2:2). Чинеду, 60 (2:3).Грипши, 74-пенальтиден (2:4).

«Ордабасы»: Сергей Игнатович (Қ), Златан Шехович (Реджинальдо, 69), Кристиан Товар, Игорь Пластун, Султанбек Астанов,  Ловро Цвек (Ғафуржан Сүйімбаев, 69), Асхат Тағыберген, Евгений Макаренко, Шохбоз Умаров (Бауыржан Исламхан, 60)​, Жасур Яхшибоев,  Всеволод Садовский (Еркебұлан Тұңғышбаев, 60);

«Астана»: Йосип Чондрич (Қ), Ян Вороговский​, Бранимир Калайца, Алекса Аманович, Кипрас Кажуколовас,  Карло Бартолец (Марат Быстров, 88),  Макс Эбонг, Назми Грипши (Исламбек Қуат, 88) – Марин Томасов, Усман Камара, Чинеду Джеффри (Рамазан Каримов, 85);

Төрешілер: Болат Сариев (Орал), Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Сергей Калачев (Атырау).

Иә, «Астананы» жазда биыл чемпиондыққа таласады деп ешкім ойламаса керек. Бабаянның командасы ала-құла ойнап жүрді. Ал қазір Алматыны паналап жүрген елорда клубына бабына келді. Трансферлері де сәтті шықты. Бранимир Калайца, Карло Бартолец, Кипрас Кажуколовас, Назми Грипши, Чинеду Джеффри секілді жаңа ойыншылары сенімді ақтап тұр. Әсіресе, соңғы екеуі ерекше айта кету керек.

Енді, Шымкентке ойынға келсек, қонақтар барлық жағынан басым болды. Таблодағы есепте, статистика да ойымызды айғақтайды. Алаң иелері өзбекстандық Жасур Яхшибоев жеке шеберлігінің арқасында екі гол соқты демесек, басқа ештеңе көрсете алмады. «Ордабасының» Кирилл Кеккерді не үшін бас бапкер қылып қойғаны әлі түсініксіз.

Бірақ «Ордабасының» әлі де чемпиондықтан үміті зор. Команда 18 матчтан кейін 33 ұпаймен төртінші тұр. Көш басындағы «Елімайдың» екі ойыны көп. Ал «Астана» 17 ойыннан кейін 30 ұпаймен бесінші келеді. Егер екі команда қалған матчтарда ұпай чемпиондық осы ұжымдардың біріне бұйырады.

«Керемет матч өткіздік. Қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмадық. Негізі ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастайтын жөніміз бар еді. Бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымызбен, дұрыс пайдалана алмадық. Қарсылас жалыз алыстан соққысы мен айып тепкісін қақпаға дарытты. Басқа шабуылдарын көрмедім. Ал біздің қалай ойнағанымыз, допқа бақылау жасағанымыз, қорғаныс шебі бәрі көңілден шықты. Ол үшін командаға респект. Команда бабына келді. Жігіттерді тек құттықтау қажет», - деді матчтан кейін «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян.

«Тобыл» (Қостанай) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 3:0

Голдар: Чесноков, 33 (1:0). Эль-Мессауди, 64 (2:0). Руй Кошта, 86 (3:0).

Алаңнан қуылды: Агбо, 44.

«Тобыл»: Стас Покатилов (Қ), Роман Асранкулов, ​Иван Миладинович, Пепе Алиун Ндиайе, ​Альберт Габараев,  Цотне Мосиашвили (Радослав Цонев, 89), Эссьен Эдедем, Ахмед Эль-Мессауди (Александр Зуев, 78), Ислам Чесноков (Педро Эуженио, 89), Игор Иванович (Еркін Тапалов, 78), Дэвид Энен (Руй Кошта, 69);

«Ақтөбе»: Игорь Шацкий (Қ),  Дмитрий Бессмертный (Леонел Струмия, 47), Әлібек Қасым, Габи Кики, Богдан Вэтэжелу, Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Уче Агбо, Амаду Думбия (Дархан Бердібек, 68),  Жан Жайро, Фредди Гондола (Идрис Умаев, 47);

Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Евгений Бельский (Тараз), Денис Виноградов (Петропавл).

«Ордабасы» секілді «Ақтөбені» де түсіну қиын. Бір бапкерден құтылғанымен, орнына тәжірибесі жоқ украиналық жаттықтырушыны қоя салды. Қостанайдағы ойын «Ақтөбе» үшін сәтсіз аяқталды. «Тобыл» биылғы маусымда «Ақтөбені» екі ойында да жеңді. Әсіресе, Ислам Чесноков қарсыластың қорғаушыларын балаша алдап, есепті ашты. Габи Кики ұлттық ойыншысына қарсы ештеңе істей алмады. Одан кейін Уче Агбо алаңнан қуылып, қонақтардың жағдайы мүлдем қиындады.

Екінші таймда Қостанай клубы тағы екі гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Қазір «Ақтөбенің» тіпті жүлдеден тыс қалуы ықимал.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Елімай» (Семей) – 1:2

Голдар: Корзун, 15 (0:1). Корзун, 29 (0:2). Козлов, 90+4 (1:2).

«Шахтер»: Егор Цуприков (Қ), Ескендір Қыбырай (Айбар Абдулла, 46), ​Филип Стаменкович,​ Лайонел Адамс, Дмитрий Рыжук, Франциско Кампо,  Максим Драченко (Дмитрий Лисакович, 56), Роджер Каньяс, Йован Илич, Имеда Ашортия (Евгений Козлов, 71),  Милан Джокич;

«Елімай»: Максим Коваль (Қ), Михаил Габышев (Дмитрий Шомко, 81), Самюэль Одеоибо, Дмитрий Яшин, Даниил Пенчиков,  Давид Майком, Никита Корзун, Аслан Дарабаев​ (Юрий Перцух, 69), Эдарлин Рейес Уренья (Еркебулан Нұр,алиев, 81), Рожерио Шина (Роман Муртазаев, 72), Ислам Машуков (Иван Свиридов, 69);

Төрешілер: Рустам Омаров (Алматы), Денис Лабашов (Атырау), Иван Навроцкий (Астана).

«Астанадан» кейін «Елімайдың» спорттық бабына қатысты мақтау көп. Андрей Карпович тәп-тәуір команда жасақтап үлгерді. Семейліктер былтыр Бірінші лигада ойнағандарына қарамастан, қазір премьер-лиганың алтынына үміткер. Әр тур сайын жағдайлары жақсарып келеді. Қазір турнир кестесінде бірінші орынға көтеріліп үлгерді.

Бұл жолы олар Қарағандыға қонаққа барған. Қарсыласы – көш соңында жүрген «Шахтер» болатын.  Есепті «кеншілер» ашқан. Бірақ төреші есепке алған жоқ. Сосын «Елімайдың» капитаны Никита Корзун жарты сағаттың ішінде кездесудің тағдырын шешіп тастады. Алаң иелері матчтың соңғы минуттарында есеп айырмасын бір допқа қысқартқаны болмаса, одан басқасына шамасы жеткен жоқ.

Қарағанды клубы бірінші лигаға кетуге басты үміткер. Ал Карпович чемпиондықтың тағдырын «Астанамен» матчта шешеміз деп отыр.

«Тұран» (Түркістан) – «Қызылжар»  (Петропавл) – 1:0

Гол: Никола Цуцкич, 5

«Тұран»: Владислав Василючак (Қ),  Марко Николич, Виктор Велкоски, Иван Хомуха, Павел Киреенко, Санжар Сатанов,  Антонио Жаколиш (Леонардо Вака, 79), Артем Дмитриев, Рахат Үсіпханов (Пларент Фейзай, 87), Никола Цуцкич,  Артем Архипов (Александр Мишо,в 61);

«Қызылжар»: Александр Довгаль (Қ),  Ардақ Сәулет, Мади Хасейн, ​Артем Литвяков, Зоран Нижич, Юрий Бушман (Андрия Дрльо, 75), Рубен Бриджидо, Рафаэль Сабино, Душан Йованчич, Лука Имнадзе,  ​Олексий Щебетун (Сенин Себаи, 62);

Төрешілер: Сергей Ноженко (Талдыкорған), Азамат Ахметов (Қызылорда), Самат Тергеусізов (Алматы).

«Тұран» Түркістандағы стадионға оралып, жанкүйерлерін қуанта бастады. Бұған дейін «Шахтерді» жеңген. Осы жолы «Қызылжардың» осал тұсын тапты. Матчтың 5-минутында Никола Цуцкичтің соққан голы командаға жеңіс әкелді. Бұдан кейін қонақтар допқа көбірек иелік етіп, шабуылын жиілеткен. Бірақ оларынан түк шыққан жоқ. «Тұран» қақпашысы Владислав Василючактың қапасынан саңылау табу Әли Әлиевтің шәкірттерінің қолынан келмеді.

«Ойын бойынша кемі бір гол соғуға тиіс едік. Соған сай еңбек еттік. Бірдеңе айту қиын. Эмоция болып тұр. Футболшылардың киім ауыстыратын бөлмесіне кірдім, өлі тыныштық.  «Тұран» да премьер-лигада өз орындарын сақтап қалу үшін жанталасып жатыр. Бізге бір гол және шеберлік жетіспеді.  Сәттілік серігіміз болмады. Бәлкім өз алаңымыздағы ойындарда бағымыз жанатын шығар. Ойын бойынша жігіттерге тағар кінәм жоқ. Команда басымдық танытты. Ақылды, жүйелі өнер көрсетті. Жылдамдықты да қостық, ойыншыларды да ауыстырдық. Алайда болмады. Сенин Себаидың хет-триктің күні еді. Енді сараптама жасап, маусымның соңғы матчтарына дайындаламыз», - дейді матчтан кейін «Қызылжар» бапкері Әли Әлиев.

 

«Қайрат» (Алматы) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:0

Голдар: Гиорги Зария, 86.

 «Қайрат»: Вадим Ульянов (Қ),  Иброхимхалил Юлдошев, Лука Гадрани, Егор Сорокин, Александр Мартынович, Юг Станоев (Еркебұлан Сейдахмет, 83), Офри Арад, Андрей Ульшин (Гиорги Зария, 69), Валерий Громыко (Дмитрий Сергеев, 89),  Жоао Пауло (Вячеслав Швырев, 89), Элдер Сантана;

«Қайсар»: Степан Сикач (Қ),  Қуаныш Қалмұратов, Абылайхан Төлегенов (Ерсұлтан Төреқұл, 89), Руслан Юденков, Йован Пайович, Георгий Кобуладзе,  Думан Нәрзілдаев, Горан Милойко,  Дидар Жалмұкан (Шохназар Норбеков, 68), Айбар Жаксылықов (Герман Камени, 76), Василий Совпель (Тоқтар Жаңғылышбай, 76);

Төрешілер: Сәкен Байымбет  (Тараз), Артем  Конивец (Қарағанды), Рустам  Бейжанов (Петропавл).

Алматының «Қайраты» биыл 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Сондықтан клуб жанкүйерлеріне сыйлық жасағысы келеді. Бірақ чемпиондыққа сай ойын көрсетіп жүр деп айту қиын. Бұл жолы Қызылорданың «Қайсарымен» кездесті. «Қайрат» үшін ыңғайсыз қарсылас. Виктор Кумыков былтыр Алматыда дәл осы команданы 3:0 есебімен жеңіп кеткен. Биыл Қызылордадағы ойында да қапы қалдырып, Кирилл Кеккер қызметінен кеткен еді.

Осы жолы «Қайсар» бір аптаның ішінде үш ойын өткізіп, шаршап қалғанын байқатты. Әрине ойын бойынша қақпасына гол дарытқан жоқ. Тек кездесудің 86-минутында Гиорги Зарияның айып соққысынан тепкен добы Степан Сикачтың қақпасынан табылды. Сөйтіп, алматылықтар үш ұпайға ие болды.

 

«Атырау» (Атырау) – «Жеңіс» (Астана) – 2:1

Голдар: Ерсұлтан Қалдыбеков, 39-автогол (0:1). Хусрав Тоиров, 63 (1:1). Әділбек Жұмаханов, 90+1 (2:1).

 «Атырау»: Егор Хаткевич (Қ),  Наурызбек Жагоров, Әділбек Жұмаханов, Никита Степанов, Геворг Наджарян (Сослан Такулов, 79),  Якоб Новак (Олжас Керімжанов, 86), Александр Нойок, Игорь Стасевич (Фатхулло Олимзода, 79), Ерсұлтан Қалдыбеков (Ринат Жұматов, 46),  Николай Сигневич, Аслан Әділов (Хусрав Тоиров, 62);

«Жеңіс»: Темірлан Анарбеков (Қ),  Матия Ром, Кристиан Новак, Зураб Тевзадзе, Сағи Совет (Ян Труфанов, 90+2), Марин Беланчич, Сергей Волков (Денис Гречихо, 90+2), Лукас Будинский (Абай Жүнісов, 67) – Адилио Дос Сантос,  Бруно Мигел (Владислав Прокопенко, 75), Георгий Панцулая (Артем Черединов, 75);

Төрешілер: Бағдат Абдуллаев (Қаратау), Сергей  Васютин (Алматы), Дмитрий Филоненко (Тараз).

«Жеңіс» клубының директоры Айдын Қожахмет матчтан кейін ренішін айтты. ҚФФ «Шахтерді» премьер-лигада алып қалу үшін «Жеңісті» қысып жатыр дегендей пікір білдіріпті. Бұл ойында «Жеңіс» есеп ашқанымен, «Атырау» соңғы минутта жеңісті жұлып алды.

Айтпақшы, «Атырау» екі жыл бұрын жас тәжік футболшысы Хусрав Тоировты Донецкінің «Шахтер» клубына сатқан еді. Бірақ 20 жастағы жартылай қорғаушы Донецкі клубында негізгі құрамға іліге алмады. Сөйтіп «Атырауға» қайта жалға берілді. Ол осы ойында 62 минутта алаңға шығып, бірден таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын Әділбек Жұмаханов төреші қосқан қосымша минуттарда кіргізді. Қорытынды есеп -2:1.

Айдана Мұрат
Бөлісу: