Пойызда күй тартқан жас домбырашылар көпшілікті таңғалдырды

25 Ақпан, 11:37 3716

Пойыз ішінде күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, №11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар «Turan» күйін орындап, жолаушыларды таң қалдырды.

23 ақпанда жеті жас домбырашы мұғаліммен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан. Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өз ойындарымен керемет көңіл күй сыйлады, - делінген мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Жолаушылар тасымалы» АҚ | АО «Пассажирские перевозки» (@jolaushylar_tasymaly)

Жансая Әділбек
Бөлісу: