Пойызда босанып, сәбиін лақтырып жіберген әйелдің ісіне сот нүкте қойды

Пойызда босанып, сәбиін лақтырып жіберген әйелдің ісіне сот нүкте қойды

Қарағанды көлік прокуратурасы «Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел» аралығында жолаушылар пойызында орын алған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың 20 сәуірінде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржол рельстеріне құлап, қайтыс болған. 

Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ,-делінген мәліметте.