«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдіктер маусымының басталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:
- № 9/10 «Астана – Алматы»
Вагон түрі: отыратын (2С)
Жеңілдік: отыратын орындарға 40%
- № 65/66 «Астана – Жезқазған»
Вагон түрі: турист (2Д)
Жеңілдік: купелік орындарға 25%
- № 67/68 «Астана – Өскемен»
Вагон түрі: турист (2Д)
Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
- № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Вагон түрі: купе (2К)
Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%
- № 351/352 «Алматы – Өскемен»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
- № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%
Күн сайын қатынайтын пойыз:
- № 11/12 «Алматы – Шымкент»
Вагон түрі: турист (2Д)
Жеңілдік: купелік орындарға 25%
Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады.