Польшада парламент сайлауы басталды

15 Қазан 2023, 12:52 1074

Польшада жексенбі, 15 қазан күні парламент сайлауы өтіп жатыр. Оппозицияны басқаратын Дональд Туск үшін де, билеуші партияны басқарушы Ярослав Качиньский үшін де Польшадағы парламенттік сайлаудағы жеңіліс - саяси мансаптың ақыры болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Соңғы сауалнамаларға сенсек, премьер-министрдің орынбасары Ярослав Качиньскийдің билеуші ұлттық консерватив «Құқық және әділет» партиясы (ПиС) 34 пайыз дауыс жинап, бұрынғы оппозициялық либерал консервативті «Азаматтық платформа» партиясынан сәл ғана алда келеді.

Польша премьер-министрі және Еуропа кеңесінің бұрынғы төрағасы Дональд Тускқа сайлаушылардың 32 пайызы дауыс беруге дайын.

Жеңіске жеткен жағдайда бәсекелестердің әрқайсысы үкіметтік коалиция құру үшін серіктес іздеуі керек.

Бұл ретте Украинаға көмек көрсетуді тоқтатуды жақтайтын әсіре оңшыл «Конфедерация» партиясы «Құқық және әділет» партиясына серік болуы мүмкін.

Дональд Тусктің халықаралық саясаттағы партиясы АҚШ және Еуропалық Одақ бағытын жақтайды, сонымен қатар Ресей мен Украина шиеленісіне қатысты еуропалық бағытты ұстанады.

Жеңіске жеткен жағдайда партия елдің еуроға көшуін, жүктіліктің 12-ші аптасына дейін түсік жасатуды заңдастыруға және бір жынысты некені заңдастыруды қарастыруға уәде берген. 

Асқар Таудай
Бөлісу: