Полиция жазғы демалыс кезінде балаларға интернет несімен қауіпті екенін түсіндірді

2 Маусым, 14:15 761

Полиция жазғы демалыс кезінде интернеттің балалар үшін қандай қауіптілігі бар екенін түсіндіріп, ата-аналарға кеңес береді, деп хабарлайды Polisia.kz- ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

“Оң-солын” дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әр түрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің “жаңа досына” банк картасының және телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін. Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар. Одан бөлек  жеткіншек ақша табу мақсатында есірткі-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.

Сондықтан полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

– Баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;

– Егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз;

– Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз;

– Балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;

– Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;

– Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;

– Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: