Полиция тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды

8 Ақпан, 20:27 769

Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарға шықпауға шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті азаматтар қазіргі уақытта ауа районың қолайсыздығына, атап айтқанда, боран, жаңбыр, жолды көрудің шектелуіне байлынысты республика аумағында көлік құралдары үшін қозғалысқа Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында шектеу енгізілді, - делінген мәліметте.

Одан басқа, Ақтөбе облысында жағдайдың қиындауына байланысты әкімдердің шешімдерімен, 8 ақпанда Хромтау және Әйтеке би екі ауданда жергілікті көлемдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: