Полиция «резеңке пәтерлерді» тексеруді бастайды

Бүгiн, 11:36 236

‏ІІМ азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Мұндай тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға, жұмысқа орналасу, баланы балабақшаға немесе мектепке анықтауды, сондай-ақ жәрдемақылар, жеңілдіктер және т.б. алу үшін қажет.

Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару және тұрғын үй иелерін жауапкершілікке тарту мақсатында "резеңке пәтерлер" белгілері бар барлық мекенжайларды тексеру туралы нұсқау түсті, - деді ІІМ өкілдері.

Заңнамада жеке басын куәландыратын құжатсыз, сондай-ақ тұрғылықты жері, уақытша болатын жері бойынша тіркеусіз тұру үшін жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет. Тұрғылықты жері бойынша тіркелу және мекенжай мәліметтерін өзектендіру қажеттілігі туралы СМС-хабарлама жолданады.

Тіркеусіз тұрғаны үшін айыппұл - 25 844 теңге. Пәтер иесіне де айыппұл салынады, оның көлемі - 36 920 теңге.

Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұратын азаматтарды, сондай-ақ ақшаға тіркеу қызметтерін ұсынатын хабарландыруларды жариялайтындарды анықтау бойынша жұмыс жалғастырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: