Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Талдықорғанда полиция майоры Мирас Даутовтүтінге толы үйден үш баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшысы қызметтен тыс уақытта Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның даусын естіген. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін пайда болып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған. Осы сәтте полиция қызметкері дереу газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кірген. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан.
Полицей, газ қызметі және өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында түтіннің көзі жылдам жойылды. Ересектер арасында зардап шеккендер жоқ. Мирас Даутовтың бұл ерлігі – өз халқына адал қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні ол нағыз батырлықтың не екенін іспен дәлелдеді,-деп атап өтті Жетісу облыстық ПД.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай