Полиция бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салу туралы ескертеді

3 Наурыз, 03:37 964

Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, көбіне жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады. Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: