Алматыда балалар үйінен қашып кеткен тәрбиеленушілер аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жасөспірім қыздар 18 шілдеде өз еркімен кетіп қалған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, олар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының аумағынан анықталған.
Іздеу жұмыстарына полициямен қатар еріктілер де атсалысқан. Қазіргі таңда істің мән-жайын Бостандық аудандық полициясы тергеп жатыр.