Полицейлерді соққыға жыққан ер адам 3 жылға сотталды

25 Сәуір 2023, 15:20 751

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында екі полицейді ұрып-соққан ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Риддер қалалық полиция бөлімінің фронт-кеңсесіне келген ер адам тәртіп сақшыларын боқтап, екі полиция қызметкерінің бетіне соққы жасады.

Аталған оқиғаға сот ісі Риддер қалалық сотында қаралды. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

«Сот шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (билік өкіліне қарсы өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) және 378-бабы 1-бөлігімен (билiк өкiлiн қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау) кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Равиль Ашығали
Бөлісу: