Полицейлер жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

31 Шілде, 18:17 472

Полицейлер жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, террористік ұйымдарды банктік шоттар арқылы қаржыландыру дерегі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банктік шоттарға аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды.

Қазақстандықтардан сақ болуды, белгісіз адамдармен диалогқа бармауды және ешбір жағдайда белгісіз банк шоттарына ақша аудармауды және бейтаныс адамдарға бермеуді сұрады.

Мұндай шағымдар полицияға хабарлануы керек.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: