Полицейлер су басқан жолда қалып қойған үш автобус жолаушыларына көмекке келді

2 Сәуір, 06:14 634

Абай облысында Ақсуат бағытындағы үш жолаушылар автобусы су басқан жол аумағында қалып қойған. Оларға полицейлер көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күннің жылынуына және қардың тез еруіне байланысты Жарма ауданындағы автокөлік жолының бірнеше учаскелерінде еріген су ағындары толып кетуде. Қалбатау ауылының жанынан өтіп бара жатқан жолаушылар автобустары су тасқыны болған аумаққа түскен. 

Полицейлер осындай сипаттағы хабарламаны алып, аталған жерге дереу патруль жіберілген.

Ақсуат ауданының полицейлері үш автобустың жүргізушілеріне көмекке барды. Онда барлығы 72 жолаушы болды, оның 19-ы балалар. Сондай-ақ тәртіп сақшылары 25 жеңіл автокөлік пен 1 ауыр жүкті еріген су басқан жол арқылы алып жүрді. Полицейлер тәулік бойы патрульдеу жүргізуде. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда" - деп мәлімдеді Абай облыстық ПД.

Перизат Саденова
Бөлісу: