Полицейлер пәтерде жалғыз кілттеніп қалған бүлдіршінді құтқарды

10 Қыркүйек, 16:36 296

Атырау облысының Мақат ауданында тәртіп сақшысы Алдияр Базарғалиев көмек сұраған тұрғындарға дереу жәрдемдесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауланы аралау кезінде оған азаматтар екінші қабаттағы пәтерде кішкентай қыздың құлттанып қалғанын және ас үйде газ плитасы қосулы екенін айтқан.

Қауіптің алдын алу керек екенін түсінген Базарғалиев жақын маңдағы балабақшадан баспалдақ алып, пәтерге терезе арқылы кіріп, бүлдіршінді сыртқа шығарды.

Қыздың ата-анасы полиция қызметкеріне перзентін құтқарғаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: