Полицейлер іздеуде жүрген қылмыскерлер туралы мәлімдеме жасады

23 Қыркүйек 2023, 21:23 760

“Іздестіру” операциясының 2 күнінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен “Іздестіру” операциясын жүргізді. Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5, олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1); Достастық елдерінде – 134 (Ресейде – 78, Өзбекстан – 31 және Қырғызстанда – 18, Тәжікстанда – 2, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда – 1).

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды. Мәселен, Астана қаласында қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында адамдар тобында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: