Полицейлер иесіз малды дронның көмегімен анықтап жатыр

7 Желтоқсан, 04:20 753

Абай облысының полицейлері дрондарды пайдалана отырып, жол бойында немесе автожолдарда бей-берекет жайылған малдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дронның көмегімен Жаңасемей ауданында полиция қызметкерлері 40 жылқыны айып тұрағына орналастырған. Иесіз мал Семей – Өскемен және Омбы – Майқапшағай сияқты қарқынды қозғалысы бар трассаларда жиі жол-көлік оқиғаларына себеп болады. 

Заманауи технологиялардың көмегімен осындай қауіптерді азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға қол жеткізілуде. Статистика бұл тәсілдің тиімділігін дәлелдейді: жыл басынан бері 11 мыңнан астам мал арнайы қораларға орналастырылып, 3,5 мыңнан астам мал иесі мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп атап өтті облыстық полициядан.

Ведомстводағылар дрондарды қолдану және полицияның жүйелі жұмысы тек оқиғалардың алдын алуға ғана емес, мал иелерінің жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да мүмкіндік береді деп отыр. Технологиялар мен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс өңір жолдарын баршаға қауіпсіз ете алады.

Зарина Арман
Бөлісу: