7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Құрамында есірткі бар қарасораның заңсыз плантациясы пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ 1 маусымнан бастап ел аумағында "Қарасора" операциясын жүргізіп жатыр.
Күштік құрылымдар құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге, дайындауға қарсы бірлескен іс-қимылдарды республиканың оңтүстік өңірлерінде жүргізуде.
Қарасораны өсіру және құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді дайындау фактілерін анықтау үшін Ұлттық ұланның тікұшақтары мен Қорғаныс министрлігінің дрондары қолданылады.
Мәселен, Жамбыл облысы Бесжылдық ауылының маңында пилотсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, 39 жастағы жергілікті тұрғын өсірген құрамында есірткі бар қарасора плантациясы анықталды.
Тәртіп сақшылары жалпы салмағы 1,7 тоннадан асатын 1400 марихуана бұтасын жойды. Күдікті кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 300-бабы "Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталмыш баптың санкциясы сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, дрондар есірткіні анықтауда тиімді.
Олар әдетте есірткі өсірілетін жетуге қиын шалғай жерлерді тексеруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарда жасырын есірткі зертханаларын іздеу және анықтау үшін пайдаланылатын пилотсыз ұшу аппараттарымен ІІМ-ді қамту мәселесі қарастырылады.
Сонымен қатар бұл құрылғылар ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, ұрлыққа қарсы және қылмыскерлерді іздестіруге қолданылатын болады. Жалпы жеті айдың қорытындысы бойынша ішкі істер органдары есірткіге қатысты 4300-ден астам қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 1663-і қылмыс.
Заңсыз айналымнан шамамен 11 тонна есірткі, оның ішінде 2,6 тонна кептірілген марихуана, 380 кг гашиш, 181 кг синтетика және 61 кг героин тәркіленді. 28 есірткі зертханасы таратылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін сегіз қылмыстық іс қозғалды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?