Полицейлер есінен танып, суық балконда қалып қойған әйелді құтқарды

10 Ақпан, 00:19 1461

Полицейлер есінен танып, суық балконға жатып қалған қарт әйелді құтқарды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының полициясына түнгі уақытта 102 пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көрші тұратын әжейдің есінен танып, үйінің балконында жатқанын хабарлады.

Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келді. Олар пәтер иесінің балконына өрмелеп шығып, жедел жәрдемді шақырып, ол келгенге дейін қарияға алғашқы көмек көрсетті, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ оның 32 жастағы қызы қарт әйелмен бірге тұратыны анықталды. Оқиға орын алған күні ол үйде болмаған.

Полиция қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін әжейдің жанында болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: