07.07.2023
19:29
918
Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі

Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі "Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.