Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.