Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Светлана Анкичева Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан ірі турнирде жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалға дейін жетті. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде ол италиялық Эмануэла Люцциге жол берді.
Сондай-ақ, қола медаль үшін өткен кездесуде де жеңіліп қалды. Бұл жолы швейцариялық Свенья Юнго басым түсті.
Бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болғанын жазған болатынбыз.