ПІБ Медициналық орталығының 221 қызметкері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

14 Қазан 2022, 20:15 894

Қызметкерлерге қатысушыларды күтіп алу, медициналық тұрғыда көмек беру, санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелген

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының Медициналық орталығы Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен «Орталық Азия – Ресей» саммитін өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысуда, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы медициналық орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңызды іс-шараға Медициналық орталықтың 21 қызметкері, Медициналық орталық ауруханасынан 179, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығынан 21 қызметкер жұмылдырылған.

Қызметкерлерге қатысушыларды күтіп алу, медициналық тұрғыда көмек беру, санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелді.

Бөлісу: